FlyArystan әуе компаниясы "Ақтау – Дубай – Ақтау" бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты.
Әуе компаниясының мәліметінше, шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдайдың сақталуына байланысты қабылданған. Осыған сәйкес, Ақтау – Дубай – Ақтау бағытындағы рейстер 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін орындалмайды.
FlyArystan тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық көлемде қайтару мүмкіндігі берілетінін хабарлады. Ол үшін жолаушылар билетті сатып алған орнына жүгінуі қажет.
Еске салайық, бұған дейін әуе компаниясы аталған бағыттағы рейстердің 2026 жылғы 29 тамызға дейін тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Енді бұл шектеу 15 қыркүйекке дейін ұзартылды.