Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Құрманбек Жұмағали отандық кино түсіруге байқау қашан жарияланатынын хабарлады.
"Бұған дейін отандық киноиндустрияны дамытатын ортақ ереже жасақталып, конкурс ережесін өзгертуге қадам жасаған болатынбыз. Ол сала мамандары мен авторлар көтерген маңызды мәселелердің шешілуіне себеп болады деп есептеймін. Жаңа ережелер қолданысқа енгеннен бастап байқау жарияланар күн де алыс емес", – деді ол.
Орталық басшысының айтуынша, биыл қоғамның дертіне айналған лудомания тақырыбын қозғайтын "Игроманка" жобасының, Таразда лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасов туралы "Капитан Байтасов" фильмінің, Алан туралы аңыз" анимациялық фильмдерінің түсірілімі жүреді.
"Көрермен жарқын жобаларға оң бағасын беруде. Оған толықметражды "Дос-Мұқасан", "Патриоттар уақыты", "Вurkit" экшн фильмі фильмдері дәлел. Бұдан бөлек, жақында прокатқа шыққан "Алматы, я люблю тебя!", "Адам и Алма" фильмдерін көрермен жылы қабылдады. Биыл қоғамның дертіне айналған лудомания тақырыбын қозғайтын "Игроманка" жобасының, Таразда лаңкесті ұстау кезінде ерлікпен қаза тапқан Ғазиз Байтасов туралы "Капитан Байтасов" фильмінің, Алан туралы аңыз" анимациялық фильмдерінің түсірілімі жүреді", – деді Құрманбек Жұмағали.
Оқи отырыңыз: Продюсер: Отандық кино дегенде жұрт есінде тоқал, той туралы ғана фильмдер болса, бұл – өте ұят
Халықаралық деңгейде ел абыройын асқақтатқан туындылар аз емес. Былтыр әлемдік аренада қазақстандық үш фильм топ жарды. Олар Австралияда өткен Asia Pacific Screen Awards – Азия Оскары саналатын азиялық беделді киносыйлығын иеленді.