
Олар микроорганизмдердің экстремалды жағдайда тіршілік ету жағдайын зерттеп жатыр.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биолог ғалымдары "Шпрингер" баспа үйінен жарық көрген "Микробиологиялық қауымдастықтар және олардың экстремалды ортадағы өзара әрекеті" ұжымдық монографиясында ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін жариялады. Монографияға кірген сегіз бөлімнің екеуі ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі. Олар – "Ауыр металдарға микробтық стресс реакциясы" және "Қазақстанның жылу көздерін талдау және сипаттау".

"Ауыр металдарға микробтық стресс әсері" тарауында барлық тірі организмдерге, соның ішінде микробтарға аса қауіп төндіретін ауыр металдармен қоршаған орта ластануының жаһандық экологиялық мәселесі қозғалды. Өсімдіктердің абиотикалық факторлардың зақымдаушы әсеріне төзімділігінің физиологиялық механизмдерін, соның ішінде тиімді микроорганизмдерді қолдануды зерттеудің маңыздылығы сипатталған. Аталған шешім өсімдіктердің экстремалды жағдайларда тіршілік ету стратегиясын түсіну үшін, сондай-ақ өсімдіктерді қоршаған ортаның қолайсыз факторларының зиянды әсерінен қорғау технологиясын жасау үшін түбегейлі маңызды болып табылады.
Сонымен қатар бұл тарауда ауыр металл иондарының мырыш, мыс, марганец және қорғасынға көп төзімділігі бар микромицеттердің өсуіне әсерін зерттеу туралы ақпарат берілген. Зерттеу нәтижелері өсімдіктерді өсіру технологиясын құрастыруға негіз бола алатын стресс факторларына өсімдіктердің төзімділігін арттыру қабілетінде микроорганизмдердің белсенділігін тиімді пайдалануға көмектеседі. Олар өсімдік өсіру технологиясын дамытуға негіз бола алады.
Келесі бөлімде ғалымдар Қазақстанның жылу көздерін талдап, сипаттайды. Елімізде термальды сулар кең таралған, бұл суы бар тау жыныстары үлкен тереңдікте жатқан үлкен артезиандық бассейндердің болуымен байланысты және сәйкесінше өнеркәсіптік биотехнология үшін қызықты микроорганизмдердің бірегей қауымдастықтарына ие. Сондай-ақ, ғалымдар термальды бұлақтардың әртүрлілігі, олардың температуралық режимі, судың химиясы және олардың микробтық алуантүрлілігіне сипаттама береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
266
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
237
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
240
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
236
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
245
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
297
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
330
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
325
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
269
-
0
-
7
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
262
-
0
-
0
-