әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы-ғалымдардың тәжірибе алмасуына арналған жазғы мектеп өз жұмысын бастады.
Erasmus SMARTCITY: "Ақылды қалалар технологиясының магистрлік бағдарламасына инновациялық тәсіл" жобасы аясындағы шараға Қазақстан, Германия, Греция, Болгария, Латвия, Ресей, Моңғолия елдерінің беделді профессорлары қатысып жатыр.
Мұндағы мақсат – Смарт-технологияларды дамыту мен Смарт-университеттерді құру бағыттары бойынша өзара біліктілік алмасу. Сонымен қатар жоғары оқу орындарының сандық жүйеге көшу барысымен таныстыру.
Университет ректоры Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ-дың Смарт-университетке айналудың соңғы кезеңіне аяқ басқанын жеткізді.
"Бүгінгі таңда жоғары оқу орнының техникалық жабдықталуы қарқынды жүргізілуде. Кампус студенттер мен қызметкерлер үшін толықтай қолайлы ортаға айналатын болады. Барлық бизнес-үдерістер мен байланыс жүйелерін оңтайландыру, жекелеген қызметтер желісін автоматтандыру қолға алынды. Білім және ғылым министрлігімен түрлі автоматтандыру жүйелерін интеграциялау жүзеге асырылады", – деді ол.

Оқи отырыңыз:
- ҚазҰУ ғалымдары коронавирусқа қарсы қорғаныс экранын әзірледі
- Ғылымда даңғыл жол бар, ол – ізденіс пен білім жолы
- Қазақ ұлттық университетінде вирусолог мамандар даярланады
Қазіргі сәтте кампустың сандық қызметтері толығымен жаңғыртылу үстінде. Барлық ғимараттарды басқару үшін арнайы қабылдағыштар және ақылды технологиялар пайдаланылады.
Бұдан бөлек, білім ордасында сандық жүйеде оқытудың жаңа әдістері енгізілуде. Бұл пандемия жағдайында аса маңызды болып отыр. Университет "баршаны қолайлы оқытуды" – кез келген уақытта және барлық құрылғыда қолжетімді етуге кірісті. Нәтижесінде оқытушы-профессорлар құрамы бағалау мен тиімділікті арттыру құралдарын қолдана отырып, жаңа педагогикалық мүмкіндіктерге жол ашып отыр.
Университеттің дәл осындай жетістіктері халықаралық әріптестер тарапынан мойындалып, ҚазҰУ Смарт-технологиялар мектебін ұйымдастыру мәртебесіне ие болды. Білім алаңында әлемнің 7 елінен, оның ішінде Еуропа мемлекеттерінен ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және автоматтандыру саласының жетекші ғалымдары қатысып, өз тәжірибесімен бөлісуде. Мектеп жұмысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың смарт-технологияларды қолданудағы үздік жобалары көпшілік назарына ұсынылды.
Жазғы мектеп жұмысы 30 сәуірге дейін созылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
251
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
229
-
0
-
3
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
212
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
220
-
0
-
4
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
209
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
208
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
201
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
189
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
178
-
1
-
0
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
170
-
0
-
0
-