USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Өскемендегі "Қазцинк" жарылысынан зардап шеккен тағы бір адам қайтыс болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Жарылыстан кейін зауыттар төмен қуатта жұмыс істеп жатыр.

Өскемендегі "Қазцинк" кәсіпорнында болған жарылыстан зардап шеккен тағы бір қызметкер ауруханада көз жұмды. Бұл туралы компания хабарлады.

Мәлімет бойынша, Өскемен металлургия алаңында болған жазатайым оқиға салдарынан ауыр жарақат алған қызметкерлердің бірі дәрігерлердің көмегіне қарамастан қайтыс болған.

"Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Компания марқұмның отбасына және барлық қызметкерлерімізге қажетті қолдау көрсетеді", – делінген компания хабарламасында.

Қазіргі уақытта жарылысқа қатысты тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Компания мәліметінше, металлургия кешеніндегі мырыш және қорғасын зауыттарының өндірістік жұмыстары әзірге төмен қуатта жүргізіліп жатыр. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз