USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

"Қазцинктегі" жарылыстың себебін ведомствоаралық комиссия анықтайды

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Жарылыс кезінде 2 адам қаза болып, 5 адам жараланды.

Өскеменде "Қазцинк" кәсіпорында болған жарылысқа байланысты премьер-министр Олжас Бектеновтің тапсырмасымен жедел штаб отырысы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті, деп хабарлады ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Аймақ басшысы өз сөзінде үйінді астында қалған зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жалғастырып, апат толық жойылғанға дейін ТЖД қызметкерлерінің сол жерде болуы қажеттігін жеткізді. Ал жарылыстың нақты себебін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия құрылады. 

"Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жазатайым оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құруы тиіс. ШҚО Экология департаменті апатты жою штабы жұмыс істеген кезеңде атмосфералық ауа сапасына үздіксіз экологиялық мониторинг жүргізуі қажет. Қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына психологиялық және материалдық көмек көрсетіледі", – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Өндірістік циклдің одан әрі жұмыс істеу мүмкіндігін бағалау бойынша тиісті шаралар қабылданбақ. Сондай-ақ кәсіпорындағы қауіпсіздік техникасының сақталуына бақылау күшейтіледі. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз