USD: 471.1 / 474.1
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.71 / 5.83
Тікелей эфир
Алматы +20C
Все города

Өскеменде пойыз екі әйелді қағып кетті: біреуі қаза болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Салдарынан әйелдердің бірі оқиға орнында қаза болды.

22 тамыз күні сағат 10:20 шамасында Коршунов–Өскемен-1 (Өскемен-1–Риддер учаскесі) теміржолында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, пойыз машинисі жолға шыққан екі әйелді көріп, қозғалысты дереу тежеуге тырысқанымен, тоқтап үлгермеген. Салдарынан әйелдердің бірі оқиға орнында қаза болып, екіншісі ауыр жарақат алып, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

ҚТЖ қаза болған адамның отбасына көңіл айтып, жараланған әйелдің сауығып кетуін тіледі. Компания теміржол маңындағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау