USD: 468.1 / 470.9
  • EUR: 547.0 / 552.0
  • RUB: 6.23 / 6.35
Тікелей эфир
Алматы +13C
Все города

Өскеменде "Казцинк" зауытында жарылыс болды. Үйінді астында адамдар болуы мүмкін

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ
Жарылыстан кейін үйінді астынан адамдар іздестіріліп жатыр.

Өскемен қаласындағы "Казцинк" аумағында жарылыс болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, оқиға шаң ұстау цехында болған. Шаң ұстау құрылғысынан шыққан газ-ауа қоспасының әсерінен жарылыс тіркеліп, кейін ғимарат ішінара опырылған.

Оқиға орнына ТЖМ бөлімшелері жедел жетіп, өртті қысқа уақытта оқшаулаған. Қазір құтқарушылар конструкцияларды бөлшектеу, өрт ошақтарын толық сөндіру және зардап шеккендерді іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тоғыз адам медициналық мекемеге жеткізілген. 

"Өрт сөндірушілер жалынды толық тоқтатып, зақымданған конструкцияларды бөлшектеу жұмыстарын жүргізген. Қазіргі уақытта үйінді астында қалған адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына кинологтар арнайы үйретілген иттермен тартылған. Құтқарушылар қирандыларды мұқият тексеріп, тірі қалғандарды анықтауға күш салып жатыр. Жалпы оқиға орнында 40 құтқарушы мен 10 техника бірлігі жұмылдырылған. Өрттің нақты аумағы анықталып жатыр", – делінген хабарламада.

ТЖМ жанынан жедел штаб құрылып, оның құрамына мемлекеттік органдар мен тиісті қызметтердің өкілдері енгізілген.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз