Өскеменде 1,8 миллиард теңгеге салынған қалдықтарды сұрыптау зауытының шатыры бір жылға жетпей жарамсыз болып қалды, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мақтаулы кәсіпорында одан басқа кемшіліктер де көп. Нысанды қайта қалыпқа келтіру үшін қалалық бюджеттен тағы 25 миллион теңге бөлінді.
"Өткен жылы пайдалануға берілген нысанды жөндеуге тағы ақша бөлу – әбден басынғандықтың белгісі. Қалдықтарды сұрыптау желісін сапалы салуға 1,8 миллиард теңге жетпеді ме? Мердігер компания неге сол олқылықты өзі жөндемейді? Жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары бұл мәселені назарға алып, тексеріс жүргізулері керек", – деді қоғам қайраткері Роман Честных.
Сұрыптау желісі тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында жиналған қоқыстың 15-20%-ын қайта өңдейді. Зауыт шатырының жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асады. Енді оның 100 шаршы метрін қайтадан ауыстырмақ.
Оқи отырыңыз: Бюджеттен 826 млн теңге бөлінген: Өскемен іргесінде алты жыл жарықсыз отырған 500 отбасы шағымданды.
Қоғам белсенділері бұл мемлекет ақшасын желге шашумен бірдей деп ашулы. Әкімдіктегілер шатырдың сыр беруіне өткен жылы қардың толассыз жауғаны себеп болғанын, сондай-ақ табиғаттың тосын мінезіне мердігер жауап бермейтінін айтты.
"Біз жұмысты тоқтатып қоя алмаймыз. Бөлінген қаржы шатырды жөндеуден бұрын нысанды нығайту үшін жұмсалмақ. Алда осындай жағдайлар қайталанбас үшін алдын алмақпыз. Қалалық мәслихат бөлінетін ақшаны бекітті", –деді Өскемен қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.