Тікелей эфир

Орташа жас – 79,4. Халқы ең ұзақ өмір сүретін ел қайсы?

Африка – өмір сүру ұзақтығы орташа әлемдік деңгейден төмен жалғыз аймақ.

2021 жылы әлемнің макроөңірлері арасында ең жоғары өмір сүру ұзақтығы мұхит елдерінде байқалды: 79,4 жас – әлемдік орташа деңгейден 8,4 жылға ұзақ. Мұхит елдері 2020 жылғы коронавирустан кейінгі көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 0,7 жылға өскен жалғыз аймақ болды. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Орташа өмір сүру ұзақтығы бойынша Мұхит елдерінен кейінгі орында – Солтүстік Америка. Онда орташа өмір сүру ұзақтығы – 77,7 жас. Бұл – әлемдік орташа көрсеткіштен 9,4% немесе 6,7 жыл көп. Солтүстік Америкада 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 1,7 жылға төмендеді.

Үшінші орында Еуропа тұр. 77 жас – әлемдік орташа көрсеткіштен 8,4% немесе 6 жыл көп. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіш 2,1 жылға төмендеді.


Оқи отырыңыз: Қазақ халқы мүшелді неге қатерлі жас санайды?


Ең төмен өмір сүру ұзақтығы Африкада тіркелді. 61,7 жас – әлемдік орташа көрсеткіштен 13,2% немесе 9,4 жас аз. 2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 жылға азайған. Африка – өмір сүру ұзақтығы орташа әлемдік деңгейден төмен жалғыз аймақ. Жетекші мұхит елдері мен Африка арасындағы алшақтық 17,8 жылға жетті.

Азияда орташа өмір сүру ұзақтығы – 72,5 жас. Бұл – әлемдік орташа деңгейден 1,5 жылға көп, бірақ 2019 жылғыдан 1,7 жылға аз.

Серіктестер жаңалықтары