Орталық Азияда қар азайып, жаңбыр көбейеді – климатолог Томас Сакс

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Өңірде мұздықтар тым жылдам еріп жатыр.

Астанада өтіп жатқан Өңірлік экологиялық саммитте климатолог, Фрибург университетінің аға ғылыми қызметкері Томас Сакс Орталық Азияда мұздықтардың еру жылдамдығы жылдан-жылға артып келе жатқанын хабарлады. 

Оның сөзінше, соңғы жылдары мұздықтардың еру процесі айтарлықтай жылдамдап, өңірлердегі жағдай әркелкі сипат ала бастады. Бұрын климаттың жаһандық әсері мұздықтарға шамамен бірдей ықпал етсе, қазір әр аймақтағы өзгерістер әртүрлі болып отыр.

"Мұздықтардағы өзгерістерді нақты бағалау үшін мониторинг жүйесін кеңейту қажет. Өйткені соңғы бес жылда мұздықтарда жаңа үрдістер байқала бастады. Мысалы, Қырғызстанда әдетте мұздықтардың еруі маусым айында басталатын. Алайда өткен жылы қардың аз түсуіне байланысты бұл процесс сәуір айында-ақ тіркелді. Осыған байланысты 2025 жылы Орталық Азияның бірқатар өңірінде мұздықтардың бір бөлігі жойылды", – деді Томас Сакс. 

Ол орталық Азияда енді қар жамылғысы азайып, қардан гөрі жаңбыр молырақ жауатынын атап өтті. Сәйкесінше, көктемгі қар еру маусымы да ерте басталады. 

Еске салайық, климатолог Алексей Кокорин Информбюроға берген сұхбатында өңірде су тасқыны енді әр 5 жыл сайын қайталануы мүмкін екенін айтқан болатын. 

"Температураның градусы көтерілген сайын жауын-шашын мөлшері де бірнеше пайызға өседі. Мұндай кезде тек жауын-шашын көбейіп қоймай, құрғақ аймақтар одан сайын құрғай түседі. Мысал ретінде Африка, Орта Азия мен Жерорта теңізі маңындағы елдерді айтуға болады. Қазақстан туралы айтар болсақ, оның оңтүстік бөлігінде құрғақшылық байқалады", – деді ол. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз