Тікелей эфир

Ораза 2024: ҚМДБ пітір садақасының мөлшерін белгіледі

Биыл Рамазан айы 11 наурызда басталады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биылғы Рамазан айындағы пітір садақасының мөлшерін белгіледі. Ол – 640 теңге болып бекітілді.

2024 жылғы пітір садақаның бағасы нарықтық орташа бағасымен есептеліп төмендегідей бекітілді:
  • Бидай 2 кг – 341 теңге.
  • Ұн 2 кг – 640 теңге.
  • Арпа 4 кг – 701 теңге.
  • Мейіз 2 кг – 5745 теңге.
  • Құрма 4 кг – 8536 теңге.

ҚМДБ мәліметіне сәйкес, 2024 жылғы Рамазан айындағы бір адам үшін берілетін пітір садақа мөлшері 2 келі ұнның нарықтық орташа бағасымен есептеліп, 640 теңге етіп белгіленді. Дегенмен бай, ауқатты адамдар пітір садақаны 2 келі мейізбен (5745 теңге) немесе 4 келі құрмамен (8536 теңге) бергені жақсырақ. 

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді", – делінген ҚМДБ хабарламасында. 

Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.

Еске салайық, тарауық намазын оқу 10 наурызда басталады. Ал оразаны 11 наурыздан бастап ұстау шарт. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының түсіндіруінше, Рамазан айынан бір күн бұрын, кешкі құптан намазынан соң тарауық намазы оқыла бастайды. 


Оқи отырыңыз: Оразаға 9 күн қалды. Тарауық намазы қашан және қалай оқылады


 

Серіктестер жаңалықтары