Нысан қыркүйекте пайдалануға беріледі.
Оралда студенттерге арналған 500 орындық жатақхана құрылысы аяқталуға жақын. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің студенттері үшін салынып жатқан 500 орындық жаңа жатақхананың құрылысы заман талабына сай бой көтерген. Тоғыз қабатты нысанда мүгедектігі бар білім алушыларға 16 орын қарастырылған. Секциялардың әрқайсысында ас үй, жатын және жуыну бөлмелері бар.
"Жатақхананың ерекшелігі – бұрынғыдай тұрмыстық бөлмелер бір қабаттағы тұрғындардың барлығына ортақ емес, жеке пәтер есебінде салынған. Мүмкіндігі шектеулі студенттерге инклюзия форматына сәйкес бөлмелері жабдықталады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, алдағы 7 жылда 70 мыңнан астам студентті төсек-орынмен қамтуымыз керек. Биылғы 1 жылдың өзінде мемлекет тапсырысымен 10 мың орын дайындалып жатыр", – деді ғылым министрі Саясат Нұрбек.
Құрылыс жұмыстары 85 пайызға аяқталған нысан қыркүйекте пайдалануға беріледі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📲 103 500 теңге айыппұл: Қазақстанға iPhone 15 телефондарын әкелген адам ұсталды
-
277
-
0
-
0
-
-
2🥉 Азиада-2023: астаналық спортшы екі дүркін қола жүлдегер атанды
-
266
-
0
-
0
-
-
3🛍 Астанада Қостанай мен Ақтөбе облыстарының ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
-
261
-
0
-
0
-
-
4🛍"50-60 мың теңгеге артық": ЖОО оқытушыларының еңбекақысы қанша пайыз өсті?
-
285
-
0
-
0
-
-
5🏝 Ақтауда Каспий жағасында егеуқұйрықтар қаптады
-
292
-
0
-
1
-