Университеттер әр студент үшін 50 мың теңге, ал министрлік 328 мың теңгеге жуық қаражат төлейді.
Қазақстанда кәсіпкерлер қонақ үй мен хостелін жатақханаға айналдыру арқылы мемлекеттен пайда таба алады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты.
Министрдің айтуынша, қазірі таңда кәсіпкерлерге қонақ үй немесе хостелін жатақханаға айналдырған тиімді.
"Жатақханаға айналдырсаңыз, хостел немесе қонақ үйіңіз 11 ай бойы тұрақты түрде 100 пайыз толық болады. Оның ақысын әр жоғары оқу орны мен біз (жоғары білім министрлігі – авт.) төлеп отырамыз. Атап айтқанда, университеттер әр адам басына 40-50 мың теңгедей төлейді, біз үстінен 95 АЕК (327 750 теңге – авт.) төлеп отырамыз. Қосымша жарнама мен маркетинг жасаудың қажеті болмайды", – деді министр.
Министрдің айтуынша, жоба биыл басталады.
Оқи отырыңыз: Көлгінов жатақхана тапшылығы туралы: Ректорлар студенттерге жағдай жасауға мүдделі болуға тиіс
Айта кетейік, республика бойынша жатақханадағы төсек-орын тапшылығы 70 мың орынды құрайды. Оның 30 мыңнан астамы – Алматы қаласында.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🛫 Демалыс күндері ұшақ билеті неге қымбат болады? Азаматтық авиация комитетінің жауабы
-
302
-
0
-
1
-
-
2🚴♂️ Астана мен Алматыда қанша шақырым велосипед жолы бар?
-
291
-
0
-
0
-
-
3💰"Бір тиын да алмадым". Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
-
292
-
1
-
1
-
-
4👪 1 маусымда Астанада балаларға арналған қандай мерекелік шаралар болады?
-
304
-
0
-
3
-
-
5🌎 Қазақстанда жеті мыңнан астам 5G станциясы орнатылады
-
309
-
0
-
2
-
-
6📝 ҰБТ-2023: Аппеляцияға өтініш беру тәртібі қандай?
-
329
-
1
-
1
-
-
7🏠 "Баратын жеріміз жоқ". Павлодарда апатты үй тұрғындары үйінді астында қалудан қорқып отыр
-
320
-
0
-
0
-
-
8🚫🏠 "Бес баламен сабылып жүрміз". Атырау облысында көпбалалы аналарға тиісті пәтерлер екі жылдан бері берілмеген
-
345
-
0
-
0
-
-
9🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
297
-
0
-
0
-
-
10🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
279
-
0
-
0
-