Оқу-ағарту министрі мектепке психологтардың не үшін қажет екенін түсіндірді.
Педагог-психологтардың толтыратын құжаттарының саны үштен екіге дейін қысқарады, деді оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев министрліктің аппарат жиналысында. Вице-министр бұл үшін арнайы бұйрық шығарылғанын айтты.
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагог-психологтардың жұмысы өте маңызды екенін айта келе, оларды өзінің тікелей құзыреттілігіне кірмейтін жұмыстарға тартпау мәселесін қадағалауды тапсырды.
"Психологтардың өзінің тікелей құзыреттілігіне кірмейтін жұмысқа тартпау керек. Қазір психологтардың саны жеткіліксіз. Бірақ балалардың психологтарға деген сенімі күннен-күнге артып келе жатыр", – деді министр.
Оқи отырыңыз:
- Мектеп директорын тағайындарда оның қызмет тарихы қаперге алынады
- БЖБ және ТЖБ: Мектеп оқушыларының білімі қалай бағаланатынын түсіндіреміз
Асхат Аймағамбетов мектепке психологтардың не үшін қажет екенін түсіндірді.
"Кейбіреулер "Біз мектепте оқығанда ешқандай психолог керек емес еді. Психологтың қандай қажеті бар?" деп жатады. Ол уақыт пен қазіргі заманды салыстыруға болмайды. Қазір балалар да, өскелең ұрпақ та басқа. Сондықтан оларға ата-аналарымен, өздерімен жасты балалармен қарым-қатыснасы бойынша психологтардың көмегі қажет. Психолог тек проблемасы бар балалармен ғана емес, оқу бойынша түрлі қиындықтары бар балалармен де, дарынды балалармен де жұмыс істейді. Сондықтан олардың жұмысы өте маңызды", – деді министр.
Министр сөз соңында әр мектеп директорына психолог жұмысын жеке бақылауында ұстап, қолдауды тапсырды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🚗 Автокөлікке VIP нөмірді eGov.kz порталы мен eGov Mobile арқылы сатып алуға болады
-
319
-
0
-
0
-
-
2🪖 Тоқаев: Тоталитаризмнің қырғыны халқымызға орасан зор қасірет әкелді
-
299
-
0
-
0
-
-
3🌻 "Баж салығын алып тастау керек". Қазақстанда күнбағыс егетін шаруалар мемлекет қолдауына мұқтаж
-
285
-
0
-
1
-
-
4🚘 "Шалғай ауылдарда мүлдем жоқ". Маңғыстаулық жүргізушілер автогаз тапшылығынан үш күннен бері кезекте тұр
-
274
-
0
-
1
-
-
5🏤 5 маусымда "Болашақ" стипендиясына өтінім қабылдау басталады
-
295
-
0
-
6
-
-
6💸 4244 теңге: 1 шілдеден бастап Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына берілетін арнайы жәрдемақы мөлшері өседі
-
275
-
0
-
3
-
-
7👨🏻🎓 Биыл 172 мың түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 6,8 мың оқушы "Алтын белгіге" үміткер
-
252
-
0
-
1
-
-
8🎾 Елена Рыбакина әлемдік рейтингте 3 орынға көтерілді
-
237
-
0
-
11
-
-
9🪖 ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргін материалдарын зерттеу орталығы ашылды
-
227
-
0
-
5
-
-
10👥 Түркістан қаласының халқы қашан жарты миллионға жетеді?
-
223
-
0
-
5
-