Түркістанда оқушылар сабақ үстінде карта ойнаған: мұғалім жұмыстан кетті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Оқиға бойынша тексеріс жүріп жатыр.

Түркістан облысында сабақ барысында оқушылардың карта ойнаған сәті әлеуметтік желіде тарап, қоғамда қызу талқыланып жатыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. 11-сынып оқушылары сабақ кезінде топтасып карта ойнап, сыныпта шу шығарған. Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі оқушыларға ескерту жасамаған, тіпті телефонмен сөйлесіп отырғаны байқалған.

Белгілі болғандай, тәртіп бұзған оқушылардың ата-аналарына ескерту берілген. Ал аталған педагог өз еркімен жұмыстан кеткен. Оның білім саласындағы еңбек өтілі 13 жыл екені хабарланды.

Түркістан облысы білім басқармасы бұл жағдайдың білім беру талаптарына қайшы екенін мәлімдеді. Ведомство қазіргі уақытта қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тексеру қорытындысы бойынша мектеп басшылығына да тиісті шаралар қолданылуы мүмкін.

 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз