Тікелей эфир

"Опасыздығың үшін кешірім де сұрамай, бәріне мені кінәладың". Прокурор Нүкенованың жеке жазбаларын жариялады

Салтанат Нүкенова сотталушыдан өзін ұмытып, ата-анасына жіберуді сұраған.

Прокурор Айжан Аймағанова сотта марқұм Салтанат Нүкенованың жеке жазбаларын оқып шықты. 

Елордалық сот Салтанат Нүкенованың телефонын тексеруге кірісті. Прокурор марқұмның телефонындағы хабарламалардан кейін сақталып тұрған жазбаларын оқуға кірісті. 

"2023 жылғы 10 қазандағы жазба: "Қуандық, мен біржолата Павлодарға кетемін. Арамызда сезім қалмағанын түсіндім. Ешнәрсені сақтағым келмейді, яғни бұл мүмкін емес. Опасыздық жасағаның үшін кешірім де сұрамадың, ешнәрсе істемедің. Бәріне мені кінәлап, психотерапевке қарал дей бердің. Көрсоқыр екенің соншалық, бұдан ары шыдауға шамам жоқ. Кешір мені, ұмыт мені және маған бостандық бер. Мен барлығын осы жерден тоқтатамын деп шештім. Мен ата-анаммен бірге боламын, олар маған қарайласады", – деп оқыды Айжан Аймағанова. 

Қуандық Бишімбаев бұл кезеңде Салтанат Нүкенованың бірнеше күн қонақүйде тұруға кеткенін, сол себепті "оны күтпестен" үйге қонақтар шақырғанын айтты. Ал адвокаты Ерлан Ғазымжанов бұл жазбалардан марқұмның қызғанышы білініп тұрғанын алға тартты.


Оқи отырыңыз: Жантүршігерлік кадрлар екенін ескертеміз! Сотта Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан сәттің видеосы көрсетілді


"Салтанат қызғанып отыр деген қорытындыға қалай келдіңіз? Ол жерде қызғаныш туралы ешнәрсе жоқ. Ол жерде "Сен маған опасыздық жасадың" деп тұр. Сотты бұлай адастырудың қажеті жоқ", – деді жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова. 

Еске салсақ, 2024 жылғы 3 сәуірде Астана соты экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін соққыға жыққан сәттің видеосын алқабилер мүшесіне көрсетті. Кейін жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Уразбахова сот-медициналық сараптаманың қорытындысын жариялап, Салтанат Нүкенованың неден қайтыс болғанын айтты. 

Серіктестер жаңалықтары