Шымкентте 12 тойхана нысаналы мақсатын өзгерткен.
Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі тойханалар біртіндеп өзінің нысаналық пайдалану мақсатын өзгертіп жатыр. Бірі халыққа қызмет көрсету орталығы болса, енді бірі автосалонға айналған, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Тойхана иелері мұның барлығы екі жылдан бері қыспаққа алған пандемияның салдары екенін айтады. Мәселен, Алматыдағы Құлжа тас жолының бойында орналасқан тойхана қазір халыққа қызмет көрсету орталығына айналған. Сыйымдылығы 500 адамға дейін жететін зал тек орталық үшін тегін, ал қалған жеке қызмет көрсетушілер ақы төлейді.
"Бұл жерде мемлекеттік нөмірлер сақталады. Бізде және архивтер бар. Сол себепті осында көштік", – дейді Алматы қаласы №5 ХҚКО бөлім басшысы Айдар Ботбаев.
Шымкенттегі көптеген тойханалар да нысаналық мақсатын өзгертіп жатыр. Мәселен, 400 адамға арналған тойханада қазір көлік сататын орын орналасқан. Ішінде 70-ке жуық жаңа көліктің түрі тұр.
"Пандемия басталғалы бері көп тойхана жұмысы тоқтап қалды. Сондықтан арендаға алу туралы ұсыныс көп болды. Қазір жұмыс істеп жатырмыз", – дейді автосалон директоры Мұзафар Ерназаров.
Оқи отырыңыз:
- Той жасауға мораторий. Халықты қарыздан құтқара ма, әлде ұлт дәстүрлерін ұмыттыра ма?
- "Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезең". Тоқаев сұхбатындағы 10 өзекті ой
- Қазақ баласы тойға қанша қаржы жұмсайды немесе ынсапсыз асабалар туралы
Шымкенттегі тойханалардың дені Абай ауданында орналасқан. Мұндағы біраз нысан пайдалану мақсатын өзгертіп, тігін цехына, жиһаз орталығына айналған.
"69 тойхана бар. Оның екеуі автосалон болып қызметін жалғастырып жатыр. Біреуі азық-түлік сататын дүкен болды, бір тойхана тігін цехын ашып, тағы бір тойханамыз кілем сату магазині болып ауысты", – дейді Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Заңқоев.
Шымкентте әзірге барлығы 12 тойхана нысаналы мақсатын өзгерткен.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-