2026 жылдың басынан бері онлайн-платформаларда онлайн-казино қызметін насихаттайтын 13 806 контент жарияланған. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның мәжіліс депутаттарына берген жауабында айтылған.
Онлайн-казинодан бөлек, құқыққа қайшы өзге де контент жиі жарияланған:
- есірткі құралдарын насихаттау – 7 448;
- порнографияны тарату – 6 034;
- суицидті насихаттау – 172;
- кәмелетке толмағандарға зиян келтіретін ақпаратты орналастыру – 119;
- зорлық-зомбылық культі фактілері – 27 631.
Құқыққа қайшы контент анықталған әлеуметтік желілер арасында Instagram топ бастап тұр. Бұл желіде жоғарыда аталған салалар бойынша 9 532 контент жарияланған.
Өзге әлеуметтік желілер:
- ВКонтакте – 8 503;
- Telegram – 3 018;
- YouTube – 3 340;
- TikTok – 2 820;
- Facebook – 269;
- Мой мир – 63;
- X – 41;
- Одноклассники – 25;
- Threads – 20.
"Қазіргі уақытта онлайн-платформалар ата-аналарға жасөспірімдердің интернетті пайдалану уақытын шектеу бойынша функционалдық мүмкіндіктер ұсынады. Әлеуметтік желілер мен онлайн-ойындарда жас ерекшеліктеріне байланысты шектеулер енгізілген, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың гаджет пайдалану уақытын бақылау құралдары қолжетімді. Мәселен "TikTok" онлайн-платформасының ішкі ережелеріне сәйкес, платформаны тек 13 жастан асқан пайдаланушылар қолдана алады, ал кейбір функциялар кәмелетке толмағандар үшін қолжетімсіз", – делінген Аида Балаеваның жауабында.
TikTok 2025 жылы Қазақстанда 5,5 миллионнан астам бейнероликті бұғаттады
"Балабақша тәрбиешілері контент түсіруге мәжбүр". Баланың бейнесін әлеуметтік желіге жариялау қаншалықты заңды