Тікелей эфир

Өнертапқыш Санжар Тайжанның командасы Илон Маск турнирінде үздік атанды

Турнир Техастың Остин қаласында өткен.

Американдық миллиардер Илон Маск өткізген туннель салу турнирінде қазақстандық инженер Санжар Тайжанның командасы үздік атанды. Ол қазіргі таңда АҚШ-та жоғары технологиялар саласында жұмыс істейді. Бұл туралы Forbes сайты хабарлады. 

Турнир Техастың Остин қаласында өткен. Финалға бес команда өтіп, Санжар Тайжанның Warwick Boring командасы үшінші орын алған. 

"Жарыс Техас штатының Остин қаласында өтіп, финалға тек бес команда іріктеп алынды. Байқаудың мақсаты – ұзындығы 30 метр, диаметрі 0,5 метр туннель төсейтін өзіміздің бұрғылау станогымызды жасап, құрастыру болды. Нәтижесінде біз 95 түрлі техникалық сынақтың 90-ын сәтті тапсырып, турнирді үшінші орынмен аяқтадық. Бұл нәтижеге өте қуаныштымын, біз үшін үлкен жетістік" – деді қазақстандық жас инженер. 


Оқи отырыңыз: Huawei ақылды сағаты және WhatsApp лайфхактары. Технология әлеміндегі жаңалықтар


Олардың жобасын әлемнің танымал компаниялары қолдаған.

"Бізді бұл жарыста танымал компаниялар The James Dyson Foundation мен Siemens қолдап, инвестор болды. Қазір біз электромобильдерге арналған жетілдірілген аккумуляторды жасап жатырмыз. Болашақта басқа да өнімдерді шығару  жоспарымызда бар", – деді Санжар Тайжан.

Серіктестер жаңалықтары