Тікелей эфир

Олжас Оразәліұлы Азия пара ойындарының чемпионы атанды

Алтын медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

73 кг салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Олжас Оразәліұлы (J2 санаты) пара дзюдодан алтын медаль иегері атанды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт министрлігі жазды.

Алтын медаль үшін күресте ол өзбек спортшысы Феруз Саидовты жеңді.

"Біздің парадзюдошымыз өзінің жоғары кәсіби деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Олжасты Азия пара ойындарының алтын медалін жеңіп алуымен құттықтаймын!", – деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.


Оқи отырыңыз: Қытайда өткен Азия пара ойындарында қазақстандық дзюдошылар алтын және күміс жүлде иеленді.


 

Серіктестер жаңалықтары