Оқушылар қандай жағдайда сыныпты келесі жылы қайта оқиды? Министрлік түсіндірмесі

Ата-ана өтініші болмаса, 1-сынып оқушысын келесі оқу жылына қайта қалдыруға рұқсат жоқ.

Ашық НҚА порталында мектеп оқушыларының үлгерімін бағалауға арналған қағидалар жобасы қоғамдық талқылауға жарияланды.

Жобада оқушыларды қандай жағдайда келесі оқу жылында сыныпты қайта оқу үшін қалдыруға болатыны жазылған.

1-сынып оқушылары. Оқушының ата-анасының не заңды өкілінің өтініші және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық топтың ұсынысы болмаса, баланы келесі сыныпқа қалдыруға рұқсат етілмейді. Аталған өтініш пен ұсыныс түссе, шешімді педагогикалық кеңес қабылдайды.

2-11 (12) сынып оқушылары. Оқу жылының қорытындысы бойынша мүлде "2" деген баға алмаған оқушылар ғана бірден келесі сыныпқа көшіріледі. Үш не одан көп пәннен "2" деген баға алған оқушы келесі жылға қалады да, ал екілік бағасы үшеуден кем болса, оқушыға тағы бір мүмкіндік беріліп, ол қосымша жиынтық бағалау емтиханын тапсырады.

Жиынтық бағалау жаз уақытында, яғни келесі оқу жылына дейін өткізіледі. Егер оқушы бұл сынақтан да "2" деген баға алса, онда оқуды өз сыныптастарымен бірге жалғастыра алмайды.

Айта кетейік, ереже бойынша тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат жоқ.


Оқи отырыңыз: 


 

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Серіктестер жаңалықтары