Тікелей эфир

Оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілді – министрлік

Электрон оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады.

Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, қазіргі таңда оқулықтардың 80 пайызы цифрлық форматқа көшірілген. Цифрлық нұсқадағы оқулықтар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. 

Министрліктің мәліметіне қарағанда, цифрлық оқулықтарды 11 баспа әзірледі. Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу мақсатында мұғалімдер оны қолдануы үшін әдістемелік ұсынымдар әзірленіп, оқытылды. 

"Қазіргі күні еліміздегі бастауыш сынып оқулықтарының 94 пайызы, 5-9-сынып оқулықтарының 81 пайызы, 10-11 -ынып оқулықтарының 61 пайызы электрон нұсқаға көшірілген. 2024 жылы пәндерді цифрлық оқулықтармен 100 пайыз қамту жоспарланған",– дейді орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Электрон оқулықтармен қатар мектептерде қосымша оқу материалы ретінде мультимедиалық контенті бар цифрлық білім беру ресурстары белсенді қолданылады. Қазіргі күнге дейін 50 мыңнан аса цифрлық білім беру ресурсы жасалған. 

Министрлік 2023 жылдың басынан бастап цифрлық білім беру ресурстарына 6,7 мың мектеп қосылған жазды. Бұл ресурстарды бүгінде күн сайын 3 миллионға дейін оқушы мен мұғалім қолданып келеді. Цифрлық білім ресурстарында барлық сыныптарды қамтитын 50 мыңнан аса бейнесабақ жарияланған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары