Оқ-дәрі өндіретін Steel manufacturing мемлекет меншігіне беріледі

Кәсіпорын "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының құрамына өтеді.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, "Қазтехнология" АҚ Steel manufacturing ЖШС компаниясын сыйға тарту шарты бойынша мемлекет меншігіне береді. Кәсіпорын одан әрі "Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясының құрамына өтеді. Сәйкесінше, компанияны күтіп-ұстау және пайдалану үшін мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындар талап етілмейді.

Жобаның түсіндірме жазбасына сәйкес, бұл Қазақстанның Қарулы күштеріне қажетті, сондай-ақ алдағы уақытта экспортқа шығару үшін оқ-дәрі өндіретін ұлттық өнеркәсіпті дамыту мақсатында жасалып отыр.


Оқи отырыңыз: Қарулы күштер ардагері: Әскерге шақыру жасын 27-ден 30-ға көтеру қажет


Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Үкіметтің алдына Қазақстанның қорғаныстық-өнеркәсіптік кешенін қайта жаңғырту міндетін қойған болатын.

"Геосаяси жағдайды, сондай-ақ мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмаларын орындау қажеттілігін ескере отырып, "Қазтехнология" АҚ өзінің стратегиялық көзқарасы мен миссиясын түзетумен айналысады, ол елдің орталығында ғылыми-өнеркәсіптік кластер құруды және компанияның бірқатар кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын қайта орналастыруды көздейді", делінген құжат жобасының түсіндірме жазбасында.

Читайте новости без рекламы. Скачайте мобильное приложение informburo.kz для iOS или Android.

Поделиться:

 Если вы нашли ошибку в тексте, выделите её мышью и нажмите Ctrl+Enter

 Если вы нашли ошибку в тексте на смартфоне, выделите её и нажмите на кнопку "Сообщить об ошибке"

Популярное в нашем Telegram-канале

Серіктестер жаңалықтары