Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова үкімет кулуарында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жақындарына қандай сыйлық сыйлайтынын айтты.
"Мен кітап сыйлағанды ұнатамын. Бұл ең тиімді сыйлық. Оны таңдаған кезде адам бұл кітаптан не ала алады деп ойлаймын. Әдетте, өзім оқыған кітаптарды сыйлаймын. Мереке көп, ал бұл сыйлықтар көбірек оқуға себеп бола алады", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Ең жас министр экологияны жақсарту үшін қолға алатын жұмыстарын атады
Бұл ретте Зүлфия Сүлейменова оқуға ұсынатын кітаптарды атады.
"Сүйікті кітаптарымнан: Әбдіжамал Нұрпейісовтың "Қан мен тер", Джаред Даймандтың "Коллапс" және Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Нұр мен көлеңке" кітабын оқуға болады, өте қызық кітап", – деді ол.
Министр өзі мерекеге қандай сыйлық алғысы келетінін әлі ойланбағанын айтты.