Министр Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі ретінде су ресурстарын атады.
Журналистер Үкімет кулуарында Қазақстандағы ең жас министр – экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменовадан ведомсвто жұмысына қандай жаңашылдық әкелетінін сұрады.
"Экология саласындағы саясатты және біздің министрліктің өзін-өзі көрсетуін белсенді етеміз деп ойлаймын. Қазіргі таңда жастар арасында экология мәселесіне ерекше назар аудару байқалады. Осы мәселе бойынша олармен тығыз жұмыс істейтін боламыз. Белгілі бір өндірістерге байланысты мәселелерді де қолға алып, жасалған жұмыстардың негізінде алдағы уақытта да белсенді жұмыс істейтін боламыз", – деді министр.
Оқи отырыңыз: Үкіметтің орташа жасы – 43 жас. Министрлер кабинеті қаншалықты жасарды?
Сонымен қатар Зүлфия Сүлейменова бүгінгі күні су ресурстары өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын айтты.
"Қазіргі таңда климаттың өзгеруін байқап отырмыз. Осыған байланысты су ресурстарына түсіп жатқан салмақ жоғары. Мысалы, 2020 жылы Тұйықсу мұзыдығына көтерілгенмін. Ол соңғы жарты ғасырда шамамен 30 пайызға қысқарған. Бұл су мәселесіне тікелей ықпал ететін болады. Себебі мұздықтар – бізде ішетін су көздерінің бірі", – деді министр.
Сондай-ақ министр жануарлар дүниесі, ормандар, балық шаруашылығы бағыттары да кейінге қалмайтынын атап өтті.
Айта кетейік, Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. Президент жастар кадрлық резервінің мүшесі. 2023 жылдың 4 қаңтарында Президент қаулысымен экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Ол Қазақстандағы ең жас министр болып саналады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
12,3 млн қазақстандықтың табысы тамағынан артылмайды 💸
-
377
-
2
-
1
-
-
2🌐 Қазақстан ауылдарына интернет тартуға 1 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалмақ
-
363
-
0
-
2
-
-
3🚫 Фейк: Отбасы банк «мемлекеттен 116 680 теңге берілуі» туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
351
-
0
-
2
-
-
4Әскер дәрігерлерінің жалақысы артады
-
343
-
0
-
2
-
-
5Атырау облысында мектеп оқушылары төрт ауысымда оқуға мәжбүр
-
327
-
0
-
3
-
-
6Бұрынғы экология министрі Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды
-
322
-
2
-
3
-
-
7Солтүстік Қазақстан облысында әкімдік кәсіпкерге жасанды «әкімшілік кедергілер» құрған
-
307
-
0
-
4
-
-
8✅ Автонесие бағдарламасы 6 ақпанда басталады. Қалай онлайн өтініш беруге болады?
-
319
-
3
-
7
-
-
9Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады
-
299
-
0
-
3
-
-
10Жамбыл облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақ табылды
-
264
-
0
-
1
-