USD: 486.5 / 489.3
  • EUR: 565.0 / 570.0
  • RUB: 6.55 / 6.69
Тікелей эфир
Алматы +25C
Все города

Нұрлыбек Нәлібаев премьер-министрдің бірінші орынбасары болып тағайындалды

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Ол 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – делінген Ақорданың хабарламасында. 

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Еңбек жолын 1997-1998 жылдары аралығында "Казахойл-коммерция" ЖШС мұнай және мұнай өндірісі сарапшысы болып бастаған.

  • 1998-2005 жж. жеке коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
  • 2005-2007 жж. – Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары.
  • 2007-2008 жж. – Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы.
  • 2008-2013 жж. – Қызылорда облысы, Шиелі ауданының әкімі.
  • 2013-2021 жж. – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының әкімі.
  • 2021-2022 жж. – Қазақстан Республикасы Премьер-министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.
  • 2022 жылдың 7 сәуірінен бастап Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды.
Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз