Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметін жалғастырады

Нұрлан Сауранбаев
Нұрлан Сауранбаев
Ол бұл қызметке 2025 жылы 30 маусымда кіріскен болатын.

Президент Нұрлан Сауранбаевты көлік министрі қызметінде қалдырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада. 

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Италиядағы Мұнай өнеркәсібін оқыту орталығын "экономист, мұнай әкімшілігі магистрі" мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияның басшысы қызметінен бастап, онда 1997 жылға дейін жұмыс істеді. 2021 жылғы сәуірден бастап "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау