USD: 489.1 / 491.7
  • EUR: 566.0 / 571.0
  • RUB: 6.55 / 6.67
Тікелей эфир
Алматы +28C
Все города

Нұрай Серікбайдың өлімі: тергеу амалдары аяқталып, материалдармен танысу кезеңі басталды

Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады. 

Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері толықтай аяқталды. Қазіргі уақытта тараптардың іс материалдарымен танысу процесі жүріп жатыр. Бұл туралы жәбірленуші тараптың адвокаты Аянхан Омаров мәлімдеді.

Қорғаушының сөзіне қарағанда, бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың өкілдері қылмыстық істің 1-ден 7-ге дейінгі томдарын мұқият зерделеп, олардың көшірмелерін алған.

"Нұрайдың ісі бойынша тергеу әрекеттері аяқталды. Бүгінгі күнге дейін жәбірленуші тарап пен олардың адвокаты қылмыстық істің 1-7 томдарымен танысып, олардың көшірмелерін алдық. Қазіргі уақытта қылмыстық іс материалдарымен танысу жалғасуда. Істің барлық қатысушылары заңда көзделген құқықтарын толық пайдаланып болғаннан кейін іс сотқа жолданады. Танысу барысы туралы қосымша ақпарат беріліп отырады", – деп жазды қорғаушы Аянхан Омаров. 


Оқи отырыңыз: "Арыз бар, араша жоқ". Сталкинг туралы заң Нұрай Серікбайды неге аман алып қалмады


Еске салсақ, қайғылы оқиға 11 қаңтар күні Шымкент қаласында болған. Қала тұрғыны Нұрай Серікбай пышақ жарақаттарынан көз жұмды. Тергеу мәліметінше, қылмысқа дейін күдікті марқұмды ұзақ уақыт бойы қоқан-лоқы көрсетіп, соңына түскен.

Оқиғадан кейін, 16 қаңтарда Ішкі істер министрлігі Шымкент қалалық полиция департаментінде қызметтік тексеру басталғанын хабарлады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та аталған іс бойынша құқық қорғау органдарының әрекетіне жан-жақты тексеру жүргізуді тапсырды.

Тексеру қорытындысы бойынша Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылды. Сондай-ақ бірқатар полиция қызметкеріне салғырттық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз