Жеңіс күніне орай, төлем 21 сәуірден бастап жасалады.
Елордада тұратын ІІ дүниежүзілік соғысының ардагерлеріне Жеңіс күніне орай 1 миллион теңгеден беріледі, деп хабарлады қалалық әкімдіктің сайты.
Бүгінде елордада 18 ардагер тұрады, олардың ең үлкені – 102 жаста, ең жасы – 96-да. 9 мамырда жеңіс күнін мерекелеуге олар 1 млн теңге (1 013 060 теңге) мөлшерінде бір жолғы төлем алады.
Сондай-ақ, өзге төлем түрлері де қарастырылған:
- 111 300 теңге. Оны ІІ дүниежүзілік соғыс кезінде қызмет еткен әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы ұрыс қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинградта блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер алады. Барлығы 410 адам.
- 63 600 теңге. Оны басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлерінен басқа) – Тәжік-Ауған учаскесінде міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгерлік операцияға қатысқан, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер алады. Барлығы 810 адам.
- 34 980 теңге. Оны тыл еңбеккерлері (1 946 адам), қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, ҰОС қайтыс болған мүгедегінің жұбайы (зайыбы), ЧАЭС қатысушылары қатарындағы оқшаулау аймағынан эвакуацияланған (өз еркімен кеткен) адамдар алады. Барлығы 2 686 адам.
Ардагерлер төлемдерді ертеңнен бастап алады.
Оқи отырыңыз:
- Алматыда ҰОС ардагерлері биыл 1 млн теңгеден алады
- Қазақстанда ҰОС 665 ардагері қалды. Оларға қандай әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі?
Сонымен қатар жергілікті бюджет есебінен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне келесі тегін қызметтер көрсетіледі:
- коммуналдық қызметтер үшін ақшалай өтемақы, ол пәтер алаңына байланысты ай сайын 5-тен 8 АЕК-ке дейін бөлінеді;
- дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету;
- мерзімді басылымдарға жазылуға, моншаларға, шаштараздарға баруға әлеуметтік көмек (жыл басында жеке шоттарға 6,5 АЕК аударылады);
- санаторлық-курорттық емдеу қызметтері;
- қалалық жолаушылар көлігінде жеңілдікпен жүру;
- тіс протездеу қызметтері.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1☂️☀️Қазақстанның алты қаласында ауа сапасы нашарлайды
-
419
-
0
-
4
-
-
2🌉 Алматыдағы Есентай өзені арқылы өтетін көпірде көлік қозғалысы 1 қыркүйекке дейін шектеледі
-
325
-
0
-
0
-
-
3⛵️ Жазғы демалысты қалтасы көтермейін қазақстандықтардың саны артты
-
303
-
0
-
5
-
-
4🎬 Ашаршылық туралы "Қаш" фильмі Шанхай халықаралық кинофестиваліне өтті
-
275
-
0
-
5
-
-
5✈️ "Әуе компанияларына сәлем айтыңыз". Ринат Зайытов ұшаққа домбыра алып кіруге рұқсат беруді талап етті
-
260
-
1
-
2
-
-
6👨🏭👷♂️ Біліктілігі жоқ жұмысшылардың жалақысы 2 есе артады
-
210
-
0
-
3
-
-
7Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиевті қабылдады
-
194
-
0
-
0
-
-
8🛏 Әлеуметтік осал топ санатындағы студенттердің жатақхана шығынын мемлекет төлейді
-
196
-
0
-
2
-
-
9⏺️ Қазақтың құрақ көрпесі Гиннес рекордтар кітабына енді
-
212
-
0
-
0
-
-
10😱Кісі өлтіру, зорлау, ұрып-соғу. Бес облыста тұрмыстық зорлық-зомбылық көбейген
-
199
-
0
-
1
-