Тікелей эфир

Ноутбук таңдағанда неге мән беру керек?

Информбюро редакциясы екі танымал ноутбук брендін салыстырып, үздігін анықтады.

Редакция таңдауы Huawei MateBook 14 пен Apple MacBook Air 13 ноутбугына түсті.

  • Huawei MateBook 14 ноутбугы 14 дюймді сенсорлы экранмен жабдықталған. Дисплей тұнықтығы – 2К. Intel® Core™ базасының 11-ші буыны саналатын екі түрлі (i5 немесе i7) процессоры бар.  
  • Apple MacBook Air ноутбугы экранының диагоналі – 13,3 дюйм, дисплей тұнықтығы 2,5K құрайды. M1 процессорын компания өзі әзірлеген.

Тест барысында бес түрлі сипат басты назарға алынды.

Экран көлемі мен мүмкіндіктері

MateBook 14 экранының басты ерекшелігі – сенсорлы басқару. FullView дисплейі арқылы ноутбукты смартфон сияқты басқаруға болады. Яғни, экранда бір нәрсені таңдау үшін саусақпен түрту, жоғары және төмен сырғыту жеткілікті. Сондай-ақ саусақ қимылдарымен скриншот жасауға болады. Ол үшін экранға үш саусақты қатар қойып, төмен қарай сырғыту керек. MacBook Air-де мұндай функция жоқ.

MateBook-тің тағы бір артықшылығы – экран өлшемінің үлкен (14 дюйм), ыңғайлы арақатынаста болуы және жұқа жақтауы. Ал, MacBook Air ноутбугының экраны салыстырмалы түрде кішірек (13,3 дюйм). Сонымен қатар, экран жақтауларының арақатынасы (3: 2 және 16:10) мен экран-корпус арақатынасы ( 90% қарсы 83%) жағынан да Huawei өнімі алда тұр. Сондай-ақ, онда көзді экраннан бөлінетін көк түсті жарықтан қорғайтын DC Dimming режимі бар.

Apple MacBook Air және Huawei MateBook 14

Оқи отырыңыз: Huawei ақылды сағаты және WhatsApp лайфхактары. Технология әлеміндегі жаңалықтар


Процессор күші мен жылдамдығы

MateBook 14 ноутбугы Intel® Core™ процессорының 11-ші буынымен жұмыс істейді. Intel компаниясының хабарлауынша, жаңа процессор ядроның жаңа архитектурасы мен графикасы негізінде жабдықталған және жылдамдығы жоғары. Сондай-ақ, сымды және сымсыз байланыс мүмкіндігі бар.

MacBook Air-ге M1 процессоры қойылған. Ол – Apple компаниясының арнайы Mac үшін әзірлеген бірінші чипі. Процессор ортақ жад архитектурасын пайдаланады, 5 нанометрлі өндіріс технологиясымен құрастырылған және 16 миллиард транзисторы бар.

Сынақ кезінде Huawei ноутбугы тынышырақ жүмыс істейтіні және қызбайтыны анықталды. Өйткені, онда екі Huawei Shark желдеткіші мен екі жылу желісі бар. Ал, MacBook Air-де салқындатуға арналған желдеткіш қойылмаған. Сондықтан, салыстырмалы түрде шулырақ жұмыс істейді және тез қызады.

"Ақылды" функциялар

MacBook Air ноутбугында AirDrop және AirPlay технологиялары бар. AirDrop арқылы Apple өнімдері арасында файл алмасуға болса, AirPlay арқылы смартфон экранын Apple теледидарларына, динамиктерге және танымал смарт теледидарларға қосуға болады.

Ал, MateBook 14 ноутбугында Huawei Share функциясы бар. Ол жұмыс барысында бірнеше құрылғыны пайдалануға мүмкіндік береді. Сол арқылы Huawei смартфонынан ноутбукке қосылып, файлдар мен мәтіндерді көшіруге болады. Мысалы, галереядағы фотоларды презентация жасағанда қолдануға, телефондағы жазбаларды ноутбуктағы Word файлына көшіру ыңғайлы.

Сондай-ақ, Huawei Share арқылы ноутбукта бір уақытта бірнеше мобильді қосымшаны пайдалану мүмкіндігі қарастырылған. Мысалы, бір уақытта онлайн-дәріс тыңдауға, жазуға және Интернеттен қосымша ақпарат іздеуге болады. Сонымен қатар, смартфонға келген қоңырауға ноутбуктан жауап бере аласыз.

Аккумулятор сыйымдылығы және қуаттау жылдамдығы

Huawei ноутбугы аккумуляторының сыйымдылығы жоғары (56 Вт). Ал, MacBook Air-де ол – 49,9 Вт*сағ.

Қуат адаптері бойынша да Huawei  ноутбугі (65 Вт) алда тұр. MacBook Air-дегі қуат адаптері 30 Вт қана. Сонымен қатар, 15 минут қана қуаттау арқылы  MateBook 14-ті екі жарым сағат пайдалануға болады.


Оқи отырыңыз: Жаңа смартфон, интерфейстегі өзгерістер. Технология әлеміндегі жаңалықтарға шолу


Басқа құрылғыларды қосу мүмкіндігі

MacBook Air-де екі Thunderbolt-3 порты мен бір құлаққап қосуға арналған ұяшық бар. Ал, MateBook 14 ноутбугында оның саны бірнешеу. Атап айтқанда оған: екі USB 3.2 Gen 1 порты, бір USB Type-C порты, HDMI шығысы және құлаққап қосуға арналған ұяшық кіреді. Айта кетейік, USB Type-C порты арқылы ноутбук өшіп тұрған кезде де смартфон қуаттауға болады.

Серіктестер жаңалықтары