Тікелей эфир

Нөсерлеп жауған жаңбырдан соң Алматы көшелері мен аулаларын су басты

Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 1008 жол жұмысшысы мен 640 бірлік техника жұмылдырылды.

Алматыда 12 тамызда 27 мм көлемінде жаңбыр жауды. "Қазгидромет" мәліметінше, бұл бір айлық норманың 80%-ын құрайды (тамыз айында 33 мм). Нөсерлетіп жауған қысқа мерзімді жаңбырдың салдарынан көшелер мен аулаларды су басты. Жаңбыр басталғалы бері 52 мобильді бригада мен 27 мотопомба жұмылдырылды.

Нөсер жаңбырдың салдарын жоюға 1008 жол жұмысшысы мен 640 бірлік техника жұмылдырылды. Бұл жұмыстар барлық қалалық төтенше жағдайлар қызметтері, ТЖД күштері мен жөндеу жұмыстарына айналысатын ұйымдарды тарта отырып жүргізілді. Сонымен қатар, мердігерлер мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың 52 мобильді бригадасы жаңбыр суын қабылдайтын жерлерін қоқыстан тазартып, және де нөсерлі кәріз және дренаждық суларды қабылдайтын сорғы станцияларының жұмысын қамтамасыз етті. Жаңбыр кезінде 8 ағаш құлап, құлаған жерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.


Оқи отырыңыз: 12-14 тамызға арналған ауа райы болжамы


Медеу ауданының әкімдігі аудандық ТЖД-мен бірлесіп, көшкін қаупі бар аймақтарға тексеру жүргізді. Топырақтың түсу жағдайлары болған жоқ.

"Қазгидромет" 12 тамыз күні кешке жаңбыр жауатынын ескерткті. Соған байланысты 11 тамыздан бері қаланың коммуналдық қызметтері су тасқынының алдын алу және кедергісіз су ағуын қамтамасыз ету мақсатында 320 жұмысшы мен 89 бірлік арнайы техника тарта отырып, канал желілерінің проблемалық аймақтарын, арна өткелдерін және қоқыстарды жинауға арналған "тұзақтарды" тазалау жұмыстары ұйымдастырылды. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам құм салынған қаптар дайындалды", – деп хабарлады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Арық желілері мен өткелдер дұрыс жұмыс істеп тұр, алайда жоғары жақтан қала орталығына келетін нөсер суының аномальді көлеміне байланысты су тасқыны жол жиегі мен іргелес аумақтарға ағып жатыр. Бірақ бұл уақытша құбылыс. Жағдай жақын арада тұрақталады. Барлық зардаптар жауын-шашын тоқтағаннан кейін бірден жойылады.


Оқи отырыңыз: 15 тамыз күні Алматыда Sana Business Forum өтеді


Сағат 21.00-дегі жағдай бойынша Алматының таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында 34 мм жауын-шашын түсті, ал тамызда орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 34 мм болатын.

Қазіргі уақытта негізгі су басу учаскелері жойылып, арық жүйелерінен қоқыстарды шығару жұмыстары жүргізіліп атыр. Онда түнгі кезекшілік қойылды. "Қазгидромет" болжамына сәйкес, алдағы үш күнде арасында үзілісі бар жауын-шашын мол болады.

Серіктестер жаңалықтары