Тікелей эфир

12-14 тамызға арналған ауа райы болжамы

Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы төмендеп, жаңбыр жауады.

"Қазгидромет" РМК-ның мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы болады. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында жаңбыр, бұршақ жауып, найзағай ойнайды. Сондай-ақ, 15-28 м/с дейін екпінді жел болуы мүмкін.

"Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман түседі. Ал еліміздің батысында, солтүстік-батысында және оңтүстігінде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз болады. 12, 13 тамызда Атырау облысының оңтүстік-батысында 42 градус ыстық болады, ал Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық облыстарында күн салқындап, ауа температурасы күндіз 12-20 градусқа дейін төмендейді", – деп жазылған хабарламада.  

Еліміздің оңтүстік-шығысында ауа температурасы 20-28 градусқа дейін төмендейді.


Оқи отырыңыз: Күзгі жөтел: үйде емделудің тиімді бес тәсілі.


 

Серіктестер жаңалықтары