USD: 469.3 / 471.9
  • EUR: 535.0 / 540.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +24C
Все города

Нөсер жаңбыр, бұршақ, аптап ыстық: 24 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды.

24 шілдеде синоптиктер Астана қаласы мен Қазақстанның барлық облысында дауылды ескерту жариялады. Елдің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, солтүстік, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде нөсер жаңбыр, бұршақ және тұман болжанады.

Астана мен Алматыда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Алматының таулы аймақтарында нөсер жаңбыр, бұршақ түсіп, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.

Елдің оңтүстігінде аптап ыстық сақталса, Маңғыстау облысында ауа температурасы +42 градусқа дейін көтеріледі. Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының бірқатар аудандарында да +35…+39 градус ыстық күтіледі.

Сонымен қатар көптеген өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау