Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы жоғалып кетті

Фото Associated Press
Фото Associated Press
Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кетті.

Непал мен Қытай шекарасындағы жойқын су тасқынынан кейін Қазақстан азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Ведомствоның мәліметінше, қазақстандық азамат туристік топ құрамында Непалдан Қытайға шекара арқылы өткен.

"Азаматшамыздың қайда екені әзірге белгісіз. Хабар-ошарсыз кеткендерді іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Қазақстанның дипломаттары жергілікті мемлекеттік органдармен арадағы жұмысты жалғастырады", – деді СІМ өкілі.

Бұған дейін СІМ апаттан зардап шеккендер мен жоғалғандар арасында қазақстандықтар жоқ екенін хабарлаған еді. Қазіргі ақпаратқа сәйкес, бір Қазақстан азаматының жоғалғаны анықталып отыр.

Жойқын тасқын 26 тамызда Непалдың Расува ауданында, Қытай шекарасына жақын аумақта болған. Лай мен тас аралас қуатты су ағыны үйлерді, жолдар мен көпірлерді, сондай-ақ гидроэнергетика нысандарын шайып кеткен.

Соңғы мәліметтер бойынша, Непалда 162 адам қаза тапқан, жүздеген адам хабар-ошарсыз кеткен. Қытайдың Тибет аймағында да табиғи апаттан адам шығыны бар. Джиронг ауданында кемінде үш адам қаза тауып, жүздеген адам із-түзсіз жоғалған. Жоғалғандар арасында шетелдік туристер де бар.

Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа таудан мұздық, тас пен лай массасының өзенге құлауы себеп болған. Құтқарушылар қазір іздеу жұмыстарын жалғастырып жатыр. Алайда қираған жолдар мен лай көшкіндері зардап шеккен аймақтарға жетуді қиындатып отыр.

Қазақстанның дипломаттары жергілікті органдармен бірлесіп, жоғалған азаматтың жағдайын анықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау