Тиісті түзетулер заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы заң жобасына енгізілді.
Мәжіліс депутаттары қылмыстық кодекстен тұңғыш президентке қатысты баптарды алып тастап, заңсыз жолмен алынған мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы заң жобасын ұсынды. Түзетулер "Тұңғыш президент – елбасы туралы" конституциялық заңының күшін жоюға байланысты енгізіліп отыр.
Атап айтқанда, кодекстен келесі баптарды алып тастау жоспарланып отыр:
- Қылмыстық кодекстің 373-бабында тұңғыш президентті көпшілік алдында қорлау және оның абыройы мен қадір-қасиетіне өзгедей қолсұғушылық, Елбасының бейнесін бүлдіру мен заңды қызметіне кедергі жасау бойынша 5 000 АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы болған.
- 374-бапта тұңғыш президентке тиіспеушілік кепілдігін бұзғаны үшін жауапкершілік қарастырылған. Атап айтқанда, өзіне және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиіспеушілік кепілдігін, оның ішінде мүлкіне, тұрғын және қызметтік үй-жайларына, сондай-ақ оларға тиесілі құжаттарға тиіспеушілік кепілдігін қандай да бір нысанда бұзғаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған болатын.
Оқи отырыңыз: Елбасы туралы заң күшін жойған соң Нұрсұлтан Назарбаевтың сайты өзгерді
Сонымен қатар, "Президент туралы" заңның 34-бабында "Республиканың экс-президентіне, оның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, республиканың экс-президентінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғушылық заңмен қудаланады" делінген. Бұл заң күшінде қалады.
Бұған дейін әділет министрі Азамат Есқараев Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы мемлекет басшысы ретінде қол сұғылмаушылықтың барлық кепілдіктері сақталатынын, бірақ оның жақын туыстары үшін қол сұғылмайтындығын түсіндірген болатын.
"Экс-президент үшін барлық кепілдіктер сақталады. Бұл отбасы мүшелеріне емес, тек өзіне қатысты болады. Бұған дейінгі заңда отбасы мүшелерінің мүлкіне, есепшоттарына тиісті кепілдіктер қарастырылған болатын", – деді Азамат Есқараев.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1⚡️ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫ-2023: ЖАРЫС КҮНІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
-
257
-
0
-
4
-
-
2Венецияда көпірден автобус құлап 15 шақты адам мерт болды
-
252
-
0
-
4
-
-
3💲Бүгінгі күнге арналған валюта бағамы
-
256
-
0
-
7
-
-
4👀Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігімен Ақ қайың шатқалына келген белгісіз адамдар тобы ұрып кетті.
-
254
-
0
-
6
-
-
5Онлайн дұға жасауға қатысты ҚМДБ өкілінің жауабы
-
248
-
0
-
2
-
-
6📣Грек-рим күресінен 67 келі салмақ дәрежесінде өткен жартылай финалда Мейіржан Шармаханбет ирандық палуан Даниал Сейед Сохрабиді жеңді.
-
248
-
0
-
7
-
-
7👩💻Автокөлікке VIP нөмірді қалай алуға болады?
-
246
-
0
-
7
-
-
8Өңделмеген металл рудаларын Қазақстаннан экспорттауға тыйым салынбақ
-
240
-
0
-
6
-
-
9Көлік жүргізу куәлігін алу үшін емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
-
225
-
0
-
3
-
-
10👮♀️Астанада 18 жасар қыз балконнан құлап, мерт болды
-
221
-
1
-
5
-