Прямой эфир Новости спорта

Назарбаев мектептерінде тегін оқуға құжат 26 ақпанға дейін қабылданады

Кешенді тестілеу 14-15 сәуір күндері Зияткерлік мектептер базасында өтеді.

"Назарбаев зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы 2022-2023 оқу жылында Назарбаев зияткерлік мектептерінің 7-сыныптарында білім алу үшін үміткерлерге "Өркен" білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялады. Құжаттар 26 ақпанға дейін қабылданады.

Кешенді тестілеу 14-15 сәуір күндері Зияткерлік мектептер базасында өтеді. Тестілеудің бірінші күні оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер (математика, сандық сипаттама, жаратылыстану) бойынша тест тапсырады. Ал екінші күні тілдік тестілеуден (қазақ, орыс, ағылшын тілдері) өтеді.


Оқи отырыңыз: 


Санитарлық талаптарды сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қабылдау комиссиясына құжат тапсыру үшін арнайы онлайн брондау қызметі жұмыс істейді. Құжаттар тізімі, брондау қызметі, конкурстық тапсырмалар үлгілері және тағы басқа ақпаратты веб-сайттағы "Үміткерлерге" бөлімінен алуға болады.

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары