Емтихан тапсырмаларына өзгеріс енгізілмейді.
Енді "Алтын белгі" үміткерлері бір пән бойынша емтиханды Назарбаев зияткерлік мектептерінде тапсырады. Жергілікті білім басқармалары оқуышылардың емтихан болатын жерді алдын ала көруіне жағдай жасайды, деп мәлімдеді білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.
"Былтыр "Алтын белгілер" саны 9 мыңнан асты. Білім министрлігі бұл процесті бақылап отырады. Биыл жалпы мектеп бітіретін оқушылар саны 170 мыңнан асып отыр. Жыл басында осы оқушылардың 12 мыңнан астамы "Алтын белгіге" үміткер болды. Қазір IV тоқсанда үміткерлер саны 7,5 мыңға дейін азайды. Мұны да қарап, қадағалап отырмыз", – деді Шолпан Каринова.
Мұнымен қатар, вице-министр академиялық адалдық мәселесіне тоқталды. Айтуынша, "Алтын белгіге" үміткерлердің теңдігін қамтамасыз ету үшін олар бір пән бойынша емтиханда Назарбаев зияткерлік мектебінде тапсырады.
"Биыл академиялық адалдықты қамтамасыз ету үшін бір өзгеріс енгізілді. 5 пән мен қорытынды аттестаттау кезіндегі тапсырмалар мен материалдарға қойылатын талаптар сол күйі қалды. Барлық пән бойынша 5-11-сыныптардағы пәндер бойынша қорытынды аттестаттау жүргізіледі. Тек биыл "Алтын белгіге" үміткерлер математика пәні бойынша емтиханды Назарбаев зияткерлік мектебіне барып тапсырады. Бұл академиялық адалдықты насихаттау үшін жасалатын жұмыстың бір бөлігі. "Алтын белгі" үміткерлері өз мектебінде тапсырса, оларға мұғалімдері көмектескісі келуі мүмкін. Біздің басты мақсатымыз – "Алтын белгі" үміткерлерінде тең мүмкіндіктің болуын қамтамасыз ету", – деп қосты вице-министр.
Оқи отырыңыз: Рахман Алшанов: "Алтын белгі" иелері төрт жылда 4 есе өсті, талапты күшейтетін уақыт келді
Сондай-ақ, Шолпан Каринова дәстүрлі және зияткерлік мектептерде тапсырылатын математика пәні бойынша емтихан тапсырмаларының бір-бірінен еш айырмашылығы жоқ екенін айтты.
"Көп ата-ана зияткерлік мектептерде тапсыратын емтихан тапсырмаларында өзгеріс бар деп ойлауы мүмкін. Бұл шындыққа сәйкес келмейді. Емтихан қай жақта өтсе де, бір ғана тапсырма қолданылады", – деді Шолпан Каринова.
Бұдан өзге ол оқушылардың кез келген уақытта "Алтын белгіге" үміткерліктен бас тарта алатынын айтты. Кейін бұл оқушылар емтиханды өз мектебінде тапсырып, үздік аттестат ала алады.
"Біріншіден, мектеп оқушылары қобалжымауы тиіс. Жергілікті білім басқармалары оқушыларды зияткерлік мектепке апару жолын ұйымдастырып, оларға емтихан өтетін жерді алдын ала көрсетеді", ––деді вице-министр.
Оқи отырыңыз: "Алтын белгі", "Алтын алқаның" сатылуы – марапат құны қалмағанының белгісі ме?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-