Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болуына байланысты марқұм сарбаздардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, бұл туралы Назарбаевтың ресми сайты хабарлады.
"Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Тұңғыш президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты", – делінген хабарламада.
Еске салайық, нақтыланған мәліметке сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің айтуынша, оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 453-бабының 2-бөлігі — "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау" және 465-бабы — "Кеме жүргізу қағидаларын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Каспийдегі қасірет. Қаза тапқан сарбаздардың туыстары мәйітхана күзетіп жүр
Каспий теңізінде оқу-жаттығу кезінде 9 әскери қызметші қаза тапты