Науырзамның онкүндігі аясында 18 наурызда атап өтілетін ұлттық киім күні елорданың мәдениет ұйымдарының қызметкерлері ауқымды флешмоб өткізді. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі хабарлады.
Би флешмобы Астанада "Атамекен" Қазақстан Картасы" этно-мемориалдық кешенінің аумағында өтті.
"Наурыз мерекесін тойлау онкүндікке бөлінген. Ол 14 наурызда басталып, 23 наурыз күні аяқталады. Әр күнге атаулы даталары қойылған. Бүгінгі іс-шарамыз "Ұлттық киім" күні деп аталады. Мәдениет басқармасына қарасты қаланың барлық мәдениет ұйымы өнерпаздардың басын қосып, өнерлерін көрсетіп жатыр. Бұл өскелең ұрпаққа ұлттық киімдерімізді дәріптеу мақсатында өткізіледі", – деді Мәдениет басқармасының басшысы Жаңабай Мейірманқұлов.
Оқи отырыңыз: Оқушыларға ораза ұстауға бола ма? Денсаулық сақтау министрі пікір білдірді
"Жастар" сарайының директоры Сергей Солодовниковтың айтуынша, флешмобтың мақсаты – ұлттық киімдерді насихаттау және мәдениетті дамыту. Қазақ ұлттық киімі Наурыз мерекесі мен қазақ мұрасының ажырамас атрибуты болып саналады.
"Біз мәдениет қызметкерлері ретінде қазақстандық брендтер мен ұлттық киімдерді бүкіл әлемге танымал ету үшін ілгерілетуіміз керек. Сонымен қатар ұлттық костюмдер функционалды, оларды көшеде де, кеңседе де киюге болады", – деп атап өтті Сергей Солодовников.