Тікелей эфир

Наурыз ҰБТ: Өтініштер 27 ақпаннан бастап қабылданады

ҰБТ 1-31 наурыз аралығында өтеді.

Наурыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер 27 ақпан – 10 наурыз аралығында қабылданады. Тестілеуге қатысу үшін Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz. сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы тіркелу қажет. 

Қатысушылар тестілеу өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдай алады.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін қосымша 40 минут уақыт беріледі.


Оқи отырыңыз: ҰТО осы аптадағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесін жариялады


Еске салайық, қаңтарда өткен ұлттық бірыңғай тестілеуге 134 мыңға жуық адам қатысты. Оның ішінде талапкерлердің 76,4 пайызы қазақ тілінде, 23,5 пайызы орыс тілінде, 83 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. 

ҰБТ басталғалы шекті балды 77,5 пайызға жуық талапкер жинады. Орташа балл – 69, ең жоғары балл – 137. 

72 талапкер 130-дан жоғары балл жинады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары