Тікелей эфир

Наурыз айына теміржол билеттері сатылмай жатыр. Неге?

Билеттер тек ақпанның басында ғана сатылымға шығарылады.

2024 жылға жоспарланған темір жолдарды жөндеу жұмыстарының  ауқымына байланысты қазіргі таңда пойыздар қозғалысының кестесіне штаттық түзету енгізіліп жатыр. Соған орай, наурыз айына теміржол билеттерін сату мерзімінен кеш, ақпан айының басында ашылады. Бұл туралы "Қазақстан теміржолшысы" басылымы хабарлады. 

Басылымның дерегінше, 2024 жылы шамамен 1400 км жолды жөндеу жоспарланып отыр. 

Ал қаңтар және ақпан айларына жолаушылар пойыздарына билеттерді сату штаттық режимде жүргізіледі.

Еске салайық, қалыпты жағдайда билеттер сатылымы 45 тәулік бұрын басталады. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі бойынша алуға болады.


Оқи отырыңыз: Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін теміржол билетін онлайн алу тәртібі жеңілдеді


 

Серіктестер жаңалықтары