Тікелей эфир

Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін теміржол билетін онлайн алу тәртібі жеңілдеді

Енді билеттерді сатып алу кезінде барлық деректер автоматты түрде тексеріледі.

"Жолаушылар тасымалы2 АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, ерекше қажеттіліктері бар адамдар жеке сәйкестендіру нөмірі және мүгедектік туралы анықтама нөмірін енгізу арқылы онлайн жеңілдікті билеттерді ресімдей алады. Бұл жағдайда 6 таңбалы әлеуметтік ID кодын ұсынудың қажеті жоқ.

Атап кету керек, енді билеттерді сатып алу кезінде барлық деректер автоматты түрде тексеріледі. Бұл теміржол билеттерін сату жүйесін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректер базасымен біріктіру арқасында мүмкін болды.

"Теміржол билеттерін онлайн режимінде bilet.railways.kz билеттерді сату жөніндегі ресми порталдан және "ҚТЖ билеттері" мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ т/ж билеттерін сату бойынша үшінші тараптың жеке интернет-сайттарынан сатып алуға болады", – деп жазылған баспасөз хабарламасында. 

Еске салып өтсек, ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін теміржол көлігінде жол жүруге жеңілдіктер қарастырылған:


Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап жастар қала маңына қатынайтын пойыздарда жеңілдікпен жүре алады.


  • Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жол жүру құжаты құнының 50% мөлшерінде;
  • Тальгоның коммерциялық бағыттары бойынша мамандандырылған купеде 70% мөлшерінде (еріп жүретін тұлға үшін).
Серіктестер жаңалықтары