Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Ыстамбұлдағы Бас консулдығы жолаушыларға көмек көрсету мақсатында арнайы штаб құрған.
Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайға байланысты Түркияда уақытша жүрген мыңнан астам қазақстандық елге қайта алмай қалған. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.
Телеарна мәдіметінше, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі мен Ыстамбұлдағы Бас консулдығы арнайы штаб құрып, жолаушыларға құқықтық-ақпараттық қолдау көрсетіп жатыр.
"Кеше Ыстамбұлдың әуежайынан ұша алмай қалдық. Өйткені Қазақстаннан ұшақ ұшқан жоқ. Сол кезде Ыстамбұлдағы қазақ бауырларымыз келіп көмектесті. Олар бізді әуежайдан алып келіп, орналастырып, тамақтандырып, жататын жер берді. Алыста болса да, жүрегі қазағым деген соққан Түркиялық қандастарымыз дер кезінде жұмылып, жолда қалған жолаушыларға демеу болды. Қазақы дәстүрге сай, арнайы мал сойып, ыстық тамақ, жатын орынмен қамтамасыз етті", – деді Равиль Арыстанбеков.
Түркияда оқып жатқан қазақстандық жастар да жұмылып, уақытша елге қайта алмай қалған жолаушыларға көмек көрсетіп жатыр.
"Қос аэропортта азаматтарымыздың қалып қойғанын біле сала, жүгіріп жеттік. Екі апаны үйге алып келдім. Олар Қазақстандағы отбасыларымен хабарласты", – деді ерікті Тимур Әубәкіров.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-