Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды – Сыртқы істер министрлігі

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Сыртқы істер министрлігі бұл ақпараттың тарауына "ел заңнамасын бұзу" деп баға берді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

"ҚР Сыртқы істер министрінің ұсталғаны туралы жаңалық шындыққа жанаспайды. Біз мұны журналистік этика мен еліміздің қолданыстағы заңнамасын бұзу деп санаймыз", – деді Айбек Смадияров

Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы жаңалық ресми ақпарат құралында дереккөзге сілтеме жасай отырып жарияланды. Кейін Қазақстанның мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева "расталмаған ақпараттың" таратылып жатқанын мәлімдеді.

Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы сәуірден бастап премьер-министрдің орынбасары – мыртқы істер министрі қызметін атқарып келеді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау