Лауазымды тұлғалардың ұсталғаны жөнінде хабар тарады: Аида Балаева расталмаған ақпаратты тексеруге шақырды

Мәдениет министрі Аида Балаева. Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Мәдениет министрі Аида Балаева. Фото интернеттегі ашық дереккөздерден алынды
Министр жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды.

Мәдениет және ақпарат министрі кейбір ресми бұқаралық ақпарат құралдары мен анонимді Telegram арналарында мемлекеттік қызметшілердің ұсталуына қатысты ақпарат таралуына байланысты пікір білдірді. 

"Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет. Көбіне расталмаған "хайп қуған" деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс", – деп жазды мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева. 

Министр журналистерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді ұстануға шақырып, сондай-ақ жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.  

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз