"Жастар" жеңілдік картасы көмегімен 15 пен 25 жас аралығындағы жолаушылар қала маңына қатынайтын пойыздарда 25% жеңілдікпен жүре алады. Бұған дейін жеңілдік Алматы 2 – Орал, Алматы – Петропавл, Алматы 2 – Маңғыстау, Атырау – Алматы 2, Нұрлы Жол Астана – Шымкент станциялары қатынасындағы коммерциялық пойыздарға (турист, купе, плацкарт) ғана қолданылған, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.
"Жеңілдік картасының қолданылуы 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанына дейін пойыздардың жөнелту күнімен қала маңы қатынасындағы пойыздарға пилоттық режимде жүргізіледі", – деп жазылған баспасөз хабарламасында.
"Жастар" дисконттық картасын "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында ресімдеуге болады. Оның құны – 3000 итеңге. Жарамдылық мерзімі – іске қосылған сәттен бастап 1 жыл.
Оқи отырыңыз: Магистратураға білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды
BILET.RAILWAYS.KZ сайтында және "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның барлық билет кассаларында теміржол билеттерін сатып алу кезінде "Жастар" картасын пайдалануға болады.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі және KTZH_PP_BOT Telegram боты арқылы алуға болады.
"Қала маңындағы тасымалдар" филиалын құрумен қала маңындағы және жолаушылар пойыздарының тізбесі:
№ р/с |
Пойыздар №
|
Қатынас |
Жүру жиілігі |
1 |
7502/7501 жүрдек |
Нұр-Сұлтан-1 – Павлодар |
Күнделікті |
2 |
7507/7508 жүрдек |
Нұр-Сұлтан НЖ-Көкшетау-1 |
Күнделікті |
3 |
6829/6830 6831/6832 |
Нұр-Сұлтан-1-Көкшетау1 Ерейментау – Нұр-Сұлтан-1 |
Күнделікті |
4 |
6803/6804 |
Нұр-Сұлтан НЖ – Атбасар |
Күнделікті, сейсенбі, сәрсенбіден басқа |
5 |
7553/7556 скор |
Қараганды - Нұр-Сұлтан-1 |
Күнделікті |
6 |
6857/6858 |
Қараганды – Нұр-Сұлтан-1 |
Күнделікті |
7 |
459/460 |
Өскемен-1 - Достық |
Күн ара (жазғы) |
8 |
6842/6841 |
Шалқар-Сексеуіл |
Күнделікті |
9 |
6815 |
Қараганды-Шоқай |
Күнделікті |
10 |
6868/6869 |
Теміртау-Ақадыр |
Күнделікті. сейсенбі, бейсенбіден басқа. |
11 |
6867 |
Калагир-Теміртау |
Күнделікті |
12 |
6952/6951 |
Шоқай-Калагир-Қарағ. сұрып |
Күнделікті |
13 |
6876 |
Теміртау-Калагир |
Күнделікті |
14 |
606/605 |
Қараганды-Балқаш-2 |
Күнделікті |
15 |
6894/6893 |
Балқаш-1-Саяқ |
Сенбі, жексенбі және мереке күндері (6890/6889 пойызына тіркеме, дүйсенбі-жұма)
|
16 |
6958/6957 |
Түркістан-Сарыағаш |
дүйсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі |
17 |
6937/6938 |
Шымкент-Түркістан |
сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі |
18 |
6844/6843 |
Қызылорда – Түркістан |
Күнделікті, сейсенбі, сәрсенбіден басқа |
19 |
6969/6970 |
Сарышаган - Шу |
Күнделікті |
20 |
6981/6982 |
Отар - Шу |
Сенбі, жексенбі және мереке күндері |