Прямой эфир Новости спорта

"Мұқағали" халықаралық кинофестивальде бас жүлдеге ие болды

Байқауға одан бөлек қазақстандық үш фильм "Ұлы дала таңы", "Ақын" және "Барымташылар" ұсынылған болатын.

Режиссер Болат Қалымбетовтың "Мұқағали" көркем фильмі Дубайда өткен Мeta Film Fest кинофестивалінде бас жүлдені иеленді, деп хабарлады "Қазақфильм" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстан кино байқауына төрт фильмді ұсынды. Олар: "Мұқағали","Ұлы дала таңы", "Ақын" және "Барымташылар".

Ал жалпы кинофестивальге әлемнің 25 елінен 70-тен астам фильм қатысты.

Қазақстандық прокатқа 2021 жылдың күзінде шыққан "Мұқағали" көркем фильмі бұған дейін Қазан кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы жүлдесіне, Ресейде өткен "Әдебиет және кино" Халықаралық кинофестивалінде қазылар алқасының арнайы дипломына ие болған. Сондай-ақ, Үндістанда болған жиырма алтыншы Халықаралық кинофестивальдің "Әлемдік кино" секциясында көрсетілген.


Оқи отырыңыз: 


 

Жаңалықты жарнамасыз оқыңыз. iOS және Android жүйесіне арналған informburo.kz мобильді қосымшасын жүктеңіз.

Тарату:

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар

Серіктестер жаңалықтары