Тікелей эфир

Мүгедектігі бар балалардың аналары зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді талап етті

Жиналған әйелдер мемлекет ұсынған жалдамалы пәтерді өз аттарына рәсімдеуге мүмкіндік беруді сұрайды.

Астанада мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған елуге жуық әйел зейнет жасын 55 жас деп бекітуді талап етті. Оған қоса, осы санаттағы отбасылар баспаналы болуы үшін арнайы кезек енгізуді сұрады, деп хабарлайды 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Жиналған әйелдер мемлекет ұсынған жалдамалы пәтерді өз аттарына рәсімдеуге мүмкіндік беруді сұрайды. Олар билікке 18 талап қойды. Ал аналардың алдынан шыққан Еңбек министрлігінің өкілдері әр арыз жеке қаралып, тиісті жауабы беріледі деді.

"Массажы отыз минутқа да жетпейді. Сағаттарын көбейтсе деймін. Содан оңалту орталықтарын көбейтсе және тегін болса деймін", – дейді Астана қаласының тұрғыны Гүлзия Қошқұлова.


Оқи отырыңыз: Депутаттар мүгедек баласы бар ананы 50 жаста зейнетке шығаруды ұсынды. Дүйсенова не дейді?


Мүгедектігі бар бала бағып отырған әйелдер осы санаттағы аналар 55 жасында зейнетке шығуға тиіс деп есептейді. Сондай-ақ, әрі мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар баспаналы болуы үшін арнайы кезек енгізілуі қажет дейді. Сондай-ақ, мемлекеттен жалға алған пәтерлері өз меншіктеріне өткенін қалайды. Бұдан бөлек, баланы сауықтыру, сапалы дәрімен қамту, шипажайларға тегін жолдама беру секілді проблемары тағы бар.

"Үмітіміз үлкен. Балаларымызға оңалту өте қажет. Ата-аналар осы балаларға қарап жүрген соң жұмыс істемейміз, сондықтан зейнет жасын да төмендетсе екен", – деді Гүлзия Қошқұлова.

Аналар қойған талаптарын қағазға түсіріп, министрлік өкілдерінің қолына тапсырды.

"Бірнеше талап қойып жатыр. Олардың бәрін жеке-жеке қарап, мүмкіндігінше заң бойынша қажет көмек береміз", – деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Төлеген Оспанқұлов.

Ресми дерекке сәйкес, қазір Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 92 мың бала бар. Ал осы санаттағы 21 955 отбасы баспана кезегінде тұр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары