Тікелей эфир

Депутаттар мүгедек баласы бар ананы 50 жаста зейнетке шығаруды ұсынды. Дүйсенова не дейді?

Министр зейнетақы мөлшерінің жоғары болуы еңбек өтілінің ұзақтығына тікелей байланысты екенін айтты.

Мәжіліс сайтында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың Мәжілістің бір топ депутатының сауалына берген жауабы жарияланды. Депутаттар мүгедек баланы тәрбиелеп отырған әйелдерді 50 жаста зейнет демалысына шығаруды ұсынған болатын.

Министр Тамара Дүйсенова бұл санатқа жататын әйелдерде зейнеткерлікке ерте шығарған жағдайда, олардың қажетті зейнетақы қаражатын жинап үлгермейтінін алға тартып отыр.

Ведомство басшысының түсіндіруінше, 2023-2028 жылға дейін әйелдер үшін зейнеткерлікке шығу жасы 61 жасты құрайды. Ал зейнетақы төлемдері келесі бөліктерден құралады:  

  • ең төменгі деңгейде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 60 пайызын құрайтын мемлекеттік базалық зейнетақы;
  • 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар адамдарға республикалық бюджеттен төленетін ынтымақты зейнетақы;
  • жинақтаушы зейнетақы, онда қоланыстағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінен зейнетақы қызметкерлердің 10% міндетті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылады.

Оқи отырыңыз: 


"Бұл ретте алынатын зейнетақылардың мөлшері зейнетақы жарналарының мөлшеріне және оларды бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тұрақты аударуға, сондай-ақ зейнетақы жинақтарының кірістілік деңгейіне байланысты болады. Осылайша, барлық үш деңгейдегі зейнетақымен қамсыздандыру еңбек өтіліне байланысты. Еңбек өтілі неғұрлым көп болса, зейнетақы мөлшері соғұрлым жоғары болады" делінген Тамара Дүйсенованың жауабында.

Ол, сондай-ақ, зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтіліне жекелеген әлеуметтік маңызы бар кезеңдер (жұмыс істемейтін ананың жас балаларға, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаға, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға, сексен жасқа толған қартқа және күтім жасаған уақыт) есептелетінін еске салды. Бұл әйелдерге еңбек қызметінің жоқтығына қарамастан зейнетақымен қамсыздандыру құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.

Серіктестер жаңалықтары